14.05.2019, 15:05
Қараулар: 128
Жеңістің кезекті көктемі

Жеңістің кезекті көктемі

9 мамыр –  Жеңіс  күніне орай  облыс  орталығындағы  Жеңіс алаңында мерекелік шара өтті. Қала тұрғындары Ұлы Жеңістің 74-ші көктемін қарсы алуға күн көтерілген шақтан бастап жинала бастады.

Өңірінде орден-медалі жарқыраған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары жыл сайын сиреп барады. 9-10 жасар ұлын жетелеген жас ана қолындағы қызғалдақтарын ұлына ұсынып: «Аталар мен әжелерге сыйлай ғой, олар былтырғыдан да азайып қалған» деп жатыр. Елгезек ұл ана тілегін лезде орын дап шықты. Қариялар қауқылдасып, мәз болып қалды. Тағы бір оқушы қыз кеудесі орден-медальға толы атаға: «Сізбен естелік суретке түсейінші», – дейді қиылып. Жан жадыратар көріністер. Жас ұрпақтың аталар ерлігін түсініп, бейбіт күннің қадірін білгеніне қуанып қалдық.

Мерекелік шарада жиылған жұрт  бүгінгі ашық аспан мен бейбіт өмір үшін жанын қиған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Салтанатты жиында облыс әкімі Алтай Көлгінов майдангерлерден бастап, барша халықты мереке мен құттықтады.

– Ұлы Жеңістің 74-ші көктемін бізбен бірге ардақты ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлері қарсы алуда. Бейбіт күннің қадірін олардан артық кім біледі? Бұл мейрамның қадір-қасиетін келешек ұрпаққа аманат ету – біздің па рызымыз. Өйткені Ұлы Жеңіс ата-бабаларымыздың ерен ерлігі мен жанкешті еңбегінің арқасында келді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екінші дүниежүзілік соғыс туралы «Біздің және бүкіл ТМД халықтарының Ұлы Отан соғысында жеңіске жету үшін қандай ұлы құрбандықтарға барғаны әрбір жаңа буынды тәрбиелеудің тақырыбы болу керек» деп атап көрсетті. Тәуелсіздік жылдарында қол жеткен жетістіктеріміздің бәрі  – Ұлы  Жеңістің  жемісті   жалғасы.

1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына Ақ Жайық өңірінен 80 мыңға жуық азамат аттанған. Қан майданда ерліктің ғажап үлгілерін көрсеткен олардың тек жартысы елге оралды. Батысқазақстандық 43 азамат Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.

Алты жерлесіміз жауынгерлік Даңқ орденінің толық иегері  атанды. Тыл дағы халық еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін «Барлығы майдан үшін!», «Барлығы жеңіс үшін!» деп қажырлы еңбек етті. Жайық жұрты да майданға жылы киімдер мен азық-түлік, қару-жарақ жіберді. Сұрапыл жылдарда елге адал қызмет етудің үлгісін көрсеткен аталарымыз бен әжелеріміздің еңбе гі қашанда ел есінде. Аға буынның ардақты ісін кейінгі буын абыроймен жалғастыруы тиіс. Осы тұрғыда Жеңістің қадір-қасиеті күннен-күнге артып, мәртебесі асқақтай түспек. Жақсылықтың ұйытқысы, жас ұрпақтың ақылшысы болып отырған ардагерлердің ерлігін құрметтеу – баршамыздың ортақ ісіміз, – деді Алтай Сейдірұлы. Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапич сұрапыл жылдар туралы естелік айтып, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін айтулы мерекемен құттықтады.

Елең-алаңнан жиылған жұртшылық «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдан-герлердің рухына тағзым етті. Бұл күні қаламыздағы  «Бауырластар зираты», «Қазақ халқының даңқты қыздары» және өзге де ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, «Батырларға тағзым  – мәңгілік полк» шеруі өтті.

Гүлжамал   ЖОЛДЫҒАЛИ,

«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар