14.05.2019, 15:03
Қараулар: 59
Саябақтағы сарбаз төбі

Саябақтағы сарбаз төбі

9 мамыр – Жеңіс күні Орал қалалық  мәдениет  және демалыс  саябағында Ұлы  Жеңіс  мерекесіне орай салтанатты шара  өтті.  Облыс  әкімі  Алтай  Көлгінов  қатысқан айтулы  мерекеде ардагерлерге  арнап дастарқан  жайылып,  сарбаз  төбі (солдатская  каша) ұсынылды.

Жалпы жұртшылық пен жеңіске жету жолында барын салған май дангерлерді Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев құттықтады. Дастарқан басына жайғасқан қан майданның куәгерлері де өз естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі ұрпақ өкілдеріне ізгі тілектері мен ақ баталарын арнады. Зейнеткерұстаз Меруерт Жолдықайырованың соғыс уақытында студент бола жүріп, облыстық радиода қызметте жүрген кезі, 9 мамыр күні соғыстың біткендігі, жеңіске жеткеніміз жөнінде ақжолтай хабарды таратқаны туралы, орталық алаңда қуана билеген халықтың шексіз қуанышы жайында айтқан естелігі көпшілікті тебірентті.

Шара соңы танымал өнер шеберлері мен өнерлі балғындардың концертіне ұласты. Майдан әндерін қосыла шырқаған ардақты қариялар ортада вальс те биледі.

Аяужан   КЕРЕЕВА,

«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.