14.05.2019, 15:01
Қараулар: 40
Елін қорғау – ерге серт

Елін қорғау – ерге серт

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні  Орал  қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында сән-салтанатымен  тойланды.  Кәсіби өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасын тамашалауға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов  құттықтап,  ізгі тілегін арнады.

– Шекарамыздың мызғымас беріктігі – тәуелсіздігіміз бен ел тыныштығының кепілі. Еліміздің аумақтық бүтіндігі мен шекара мыздың қауіпсіздігін Қарулы күштеріміз қорғап келеді. Бүгінгі күні ҚР Қарулы күштері әлемдік стандартқа сай дамыған. Отанға қыз мет ету қазіргі кезде үлкен мәртебеге ие. Мереке құтты болсын! – деді  Ғабидолла  Абдоллаұлы.

Шара барысында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі үлесі үшін бірқатар жандар ҚР Мәдениет және спорт министр лігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың арасында Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қуанышбек Мұханғалиев пен «Aqjaiyq» телеарнасының тілшісі, ақын-жазушы Мұнайдар Балмолда бар. Содан соң өңір өнерпаздары патриоттық бағыттағы  әндер  шырқап,  күмбірлете  күй  тартты.

Гүлсезім  БИЯШЕВА,

«Орал  өңірі»

*  *  *

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Бәйтерек ауданында «Елін қорғау – ерге серт» атты мерекелік шара өтті.

Сахна төріне Қазақ стан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілген соң Әнұран шырқалды.

– 7 мамыр – мемлекеттік мүдде, саяси қауіпсіздік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушылар күні. Бейбіт елдің тыныш тығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн. Уақыт алмасады, ұрпақ өзгереді, бірақ Отанға деген сүйіспеншілік, қажырлық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады, –  деді аудан халқын Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтаған аудан әкімі Асхат Шахаров.

Мерекелік шараның салтанатты бөлімінде аудан әкімі Асхат Берлешұлы ҚР Ішкі істер министрлігінің «І дәрежелі мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерін, атап айтқанда,  полиция майоры Қанат Қантеміровті, полиция капитаны Олег Овчинниковты, ал «ІІ дәрежелі мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен полиция майоры Нұрлан Айберстиевті, полиция аға лейтенанты Рахымжан Мырзағалиев ті марапаттады. Сонымен қатар полиция бөлімі мен шекара қызметінің мамандары аудан әкімінің қолынан алғысхаттар алды. Көпшілік назарына шекара қызметкерлері жайында бейнеролик ұсынылды.

Мерекелік шара патриоттық бағыттағы сазды бағдарламаға ұласып, жергілікті өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.

Ертай   БИМҰХАНОВ,

Бәйтерек   ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.