8.05.2019, 17:43
Қараулар: 101
Батыс Қазақстан облысының аудандары Ерікті өртке қарсы құралымдарының дала өрттерін сөндіру механизмдері пысықталды

Батыс Қазақстан облысының аудандары Ерікті өртке қарсы құралымдарының дала өрттерін сөндіру механизмдері пысықталды

Батыс Қазақстан облысының 12 ауданы (Ақжайық, Бөкейорда, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау) аумағында ағымдағы жылдың 22-29 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысының жоғарыда аталған аудандарының ерікті өртке қарсы құрылымдарының қатысуымен «Дала өрттерін сөндіруді ұйымдастыру» тақырыбындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

Осы практикалық оқу-жаттығу сабақтарының мақсаты — табиғи өрттерді сөндіру кезінде тиімділікті арттыру және іс жүзінде өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ықтимал дала өрттерін жоюға ЕӨҚ-ның дайындығын, олардың күштермен және техникалық құралдармен жабдықталуын тексеру, сондай-ақ далалық жерде болуы мүмкін өрттер мен өрттерді жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау болды.

Шартты өрт отты абайсыз қолдану себебінен, атап айтқанда, өтіп бара жатқан адамдардың темекі тұқылын тастауы салдарынан пайда болды. Құрғақ шөптің жануы орын алды, нәтижесінде от тарала бастады. Ерікті өртке қарсы құралымдардың жеке құрамдары  техникалары арқылы өршіп бара жатқан өртті оқшаулау және өртті жою бойынша шаралар қабылдады.

Өрт сөндіру бөлімшелері ерікті өртке қарсы құралымдардың күштері мен құралдарын өрт сөндіруге тарту тәртібі бойынша бірқатар міндеттерді пысықтады, олардың өзара іс-қимылымен, сондай-ақ табиғи өрттерді сөндіруге тартылатын күштер мен құралдардың дайындығына тексеру жүргізді. Оқу-жаттығуға 39 бірлік техника, 45 бірлік аспалы өрт сөндіргіш, 48 бірлік қосалқы құрал және ЕӨҚ жеке құрамынан 154 адам жұмылдырылды.

Бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде құрғақ шөптің жануы қысқа мерзім ішінде жойылды.

БҚО ТЖД

Зілзалалардың қауіп-қатерін

азайту және азаматтық

қорғау саласындағы басқармасы