6.05.2019, 23:30
Қараулар: 74
Құрметті Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері!

Құрметті Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері!

Қадірменді  Отан  қорғаушылар  мен батысқазақстандықтар!

Баршаңызды 7 мамыр – Отан  қорғаушылар  күні  және  9 мамыр – Ұлы  Жеңістің  74  жылдығымен  шын  жүректен  құттықтаймын! Бұл –  ерлік  пен  елдіктің  рухын  айшықтайтын,  туған Отанымызға адал  қызмет  етудің  жарқын үлгісіне айналған  ұлық мейрам.

Еліңді, жеріңді қорғау – қай кезде де абыройлы іс, әр азаматтың қасиетті борышы. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұйытқы болуымен біз еліміз тәуелсіздік алғалы бері ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, шекарамызды бекітіп, ел тыныштығын қорғауға қабілетті әрі кәсіби әскерімізді құрдық.

Елбасымыз  айтқандай,  Ұлы  Жеңістің  қадір-қасиеті  жыл  өткен  сайын  арта  түседі.  Жеңіс күні – батылдық пен ерліктің, қайсар рух пен қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Аға  ұрпақтың  өшпес  ерлігі мен табанды еңбегін  әрқашан  мақтан  тұтамыз. Майдангерлердің батырлықтарына басымызды иіп, тағзым етеміз!

Бүгінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің сардар-сарбаздары бұл даңқты абыроймен жалғастырып келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттің сенімді қалқаны әрі тірегі, егеменді еліміздің әскеріне қуатты әрі ұшқыр да ұтқыр деп баға беруі соған дәлел.

Қадірлі жерлестер! Бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге, халық шаруашылығын қайта қалпына келтірген еңбеккерлерімізге, саналы ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып жүрген әскери қызметшілерімізге алғыс білдіреміз.

Сіздерді  қастерлі мерекелермен  құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,  отбасыларыңызға  амандық,  жеңімпаз бабалардың жолын лайықты жалғастырып келе жатқан Отан қорғаушы сардар-сарбаздардың қызметтеріне табыс тілеймін. Бейбітшілік пен бірліктің, достық пен жасампаз еңбектің мекеніне айналған Отанымыздың  әр күні берекелі  болсын!

Игі  тілекпен:  облыс  әкімі   Алтай  КӨЛГІНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.