6.05.2019, 23:04
Қараулар: 98
Құрылыс нысандарында болды

Құрылыс нысандарында болды

Апта соңында өңір басшысы Алтай Көлгінов облыс орталығындағы бірқатар құрылыс нысандарында болып, мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын көрді.

Облыс әкімі алдымен шаһардың Зашаған кентіндегі тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Бүгінде бұл ауданда барлығы 953 пәтерді құрайтын жеті көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Мердігер компаниялардың жұмыстарымен танысқан облыс әкімі аталған тұрғын үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынып жатқандығын атап өтіп, сапа мен мерзімді сақтауды тапсырды.

Сондай-ақ өңір басшысы Орал қаласына қарасты Ветелки ауылын сумен жабдықтау және шаһардың Айталиев, Гагарин, Жамбыл, Қаратөбе, Ақтөбе көшелеріндегі су құбырын жаңғырту секілді сапалы ауыз сумен қамту жобаларымен танысты. Бұдан соң шаһардағы Еуразия 196/1 мекенжайында орналасқан тұрғын үйінің сырт келбетін әрлеу жұмыстарын көрді. Айта кету керек, бұл жұмыстар жергілікті жеке кәсіпкердің өз қаражаты есебінен атқарылуда.

Облыс  әкімінің баспасөз  қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.