6.05.2019, 23:03
Қараулар: 81
«FlyArystan» туризмді дамытпақ

«FlyArystan» туризмді дамытпақ

Өткен бейсенбіде қазақстандық тұңғыш лоукостер – «FlyArystan» әуе компаниясының Алматы қаласынан көкке көтерілген ұшағы Орал әуежайына қонды.

Аталған әуе компаниясының 180 орындық Airbus A-320 ұшағы жолаушылар үшін өте қолайлы әрі билет бағасы да қолжетімді. Сонымен қатар FlyArystan әуе ұшағының бортында жаңа Recaro 3530 SLIM былғарымен қапталған, көлемі 70-82 сантиметрге дейін қозғалатын жайлы кресло орнатылған.

– Орал – Алматы бағытындағы жаңа рейс халыққа қолжетімді жағдай жасау үшін ашылды. Бұл – еліміздің Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен өткен жылдың соңында қолға алынған жобаның жемісі. Біздің өңір Ресей Федерациясының бес облысымен шектесетіндіктен, бұл әуе бағыты ішкі және сыртқы туримзнің дамуына оң әсерін тигізбек. Бүгінге дейін Орал әуежайынан басқа да компаниялардың Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Мәскеу мен Франкфурт қалаларына әуе рейстері орындалуда, – деді осы салтанатқа  орай әуежайға  арнайы  келген облыс әкімі Алтай Көлгінов тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, «FlyArystan» әуе компаниясы 29 наурызда Орал мен Тараз қалаларына, кейін Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар мен Шымкент қалаларына билет сатылымын ашқан еді. Билеттерге лоукостердің ресми flyarystan.com сайтында тапсырыс беруге болады.

– «FlyArystan» — әлемдік тәжірибеде кеңінен таралған бюджеттік әуе компаниялар моделі бойынша жұмыс істейтін «Air Astana» әуе компаниясының бөлімшесі. Орталық Азия елдері мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылды. Біз жолаушылар ағымын ішкі және сыртқы бағыттар  бойынша өсіруге  ниеттеніп отырмыз. Болашақта Қазақстанмен қатар, шетелдерде  де  базаларды орналастыру, басқа да шет мемлекеттерге рейстер ашу – бірден-бір мақсатымыз. «FlyArystan» аймақтық экономиканың дамуына зор үлесін қосып, ел ішінде қолжетімді сапар шегуге мүмкіндік береді деген сенімдеміз, – дейді «Air Astana» әуе компаниясының  президенті  Питер  Фостер.

Нұрбек  ОРАЗАЕВ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.