3.05.2019, 14:15
Қараулар: 114
Ақынның ақ батасы

Ақынның ақ батасы

Айналайын, Ержан балам!

Атақты бабаларың Мұхит пен Ғарифолла шыққан қасиетті топырақтың сен де бір талантты балапанысың. Сен әлі атақ-даңққа көңіл бөлуге жассың. Сондықтан да қазіргі айналаңда болып жатқан жағдайлардың ешқайсысына көңіл бөлме. Талайларды тамсандырған дауысыңды сақта. Сен әлі-ақ қазақтың атын әлемге танытар абыройлы азамат, есімі мәшһүр өнер иесі болатыныңа мен сенемін! Алланың берген талантын сақтай біл. Себебі, Құдайдың берген дарыны ешқандай саудаға түсуге тиісті емес. Талант, өнер деген қасиетті ұғымдар байқауларда берілетін орындармен шектелмеуі керек. Бастысы, сен халқыңа қызмет ететініңді ұмытпа! Қайда жүрсең де, қандай атақты сахнада өнер көрсетсең де Ұлы даланың ұрпағы – қазақ деген халықтың ұлы екеніңді есіңнен шығарма!

Болашағың зор болсын, балам! Бақытты бол! Жолың әрқашан ашық болсын деп аналық ақ батамды беремін! Сенің жұлдызды шағың әлі алда!

Зор  ықыласпен, ақын апаң  Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА,

ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының иегері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар