3.05.2019, 14:04
Қараулар: 154
Зауыт құрылысы басталды

Зауыт құрылысы басталды

Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов пен “KAZAKH INVEST” ҰК АҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нұрлан Қайыршин Алғабас ауылындағы мұнай өңдеу зауыты құрылысымен танысты.

Теміржол бойындағы Алғабас ауылы маңындағы зауыт құрылысын салуға «АВС МҰНАЙ» ЖШС 30 млн. АҚШ долларын бөлген. Қазір болашақ өндіріс аумағына  дейін теміржол тар-мағы тартылуда. Құрылыс жұмыстарына 50-ден астам техника тартылған. Өндірістік базамен қатар мұнда әкімшілік ғимараты, жұмысшыларға арналған жатақхана, асхана салынады.

Қазірдің өзінде мұнай өңдеу зауытын салуға 100-дің үстінде адам жұмылған. Жұмысшы алған кезде жергілікті тұрғындарға басымдық беріледі.

Камелия   ӨТЕУ,

Теректі   ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.