19.05.2015, 7:26
Қараулар: 48
Ақжелеңділер спартакиадасы

Ақжелеңділер спартакиадасы

IMG_3922


Өткен сенбіде П. Атоян атындағы стадионда Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне медицина қызметкерлерінің арасында облыстық спартакиада өтті.


Дәстүрге айналған бұл спартакиада жылдан-жылға құлашын кеңге жайып келеді. Спартакиадада дәрігерлер қауымы көңілді сөре, жеңіл атлетика, шағын футбол, дартс, арқан тарту секілді спорт түрлерінен командалық және жеке сайыстарда бақтарын сынады.

Спартакиадаға қатысушыларды құттықтап және спорттық бәсекелеріне бақ тілеп, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов сөз сөйледі.

— Командалардың жарысқа деген қызығушылығы артып келеді. Біздер өз мекемеміздің намысын қорғау үшін бірнеше ай бұрын дайындалдық. Әсіресе, жас медицина қызметкерлеріміздің спорттық шараларға белсенділігі жоғары, — дейді «Ақжайық аудандық ауруханасы» мекемесінің директоры Дархан Хайрушев.

Спартакиада қорытындысында жалпыкомандалық есеп бойынша Бөрлі аудандық орталықтандырылған аурухананың (АОА)  ұжымы  бірінші орынды иеленсе, облыстық психикалық денсаулық орталығы ІІ орын және Тасқала АОА үшінші орындарды бөлісті. «Ең үздік ұран» аталымын Қазталов АОА командасы жеңіп алды. Бөрлі АОА командасының жанкүйерлері де марапаттан тыс қалмады, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ,

«Орал өңірі»


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар