3.05.2019, 13:58
Қараулар: 177
«Astana Musical» Оралда

«Astana Musical» Оралда

Ақ Жайық өңіріне гастрольдік сапармен келген «Astana Musical» мемлекеттік театры «Шәмші» қойылымының тұсауын кесті.

Елбасы және тәуелсіз ел жастары» атауымен өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатына қатысқан «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі Асхат Маемиров пен жас актер Оразалы Игілік, актриса Инабат Ризабекова театрдың тыныс-тіршілігі,  гастрольдік сапардың ерекшелігі туралы әңгімеледі.

– «Astana Musical» мемлекеттік театры осыдан үш жыл бұрын

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ашылды. Елімізде өнер мен мәдениет саласы қарқынды дамып келеді. Мюзикл жанры қазақстандық жастардың  сұранысына ие. Театрдың репертуарында алты қойылым бар. Жетпіске жуық маман қызмет етеді. Мюзикл жанры бойынша актердің ән айту, образға ену, би билеу және акробатикалық қабілеті болуы керек. Орал қаласындағы гастрольдік сапарымыз «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклімен ашылды. Ақ Жайық – Қыз Жібектің елі болғандықтан, өңір жұртшылығы осы қойылымды тебіреніспен қабылдады. Жалпы, театр ұжымы премьераны шетелде немесе еліміздің бір қаласында өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Соған орай Жайық жерінде алғаш «Шәмші» мюзиклінің тұсауы кесіліп, көрерменге жол тартты. Сонымен қатар ақиық ақын  М. Мақатаевтың шығармашылығынан сыр шертетін «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымының да өз салмағы бар, – деді Асхат Мақсымұлы.

Баспасөз мәслихатында сөз алған  театр актері Оразалы Игілік пен актриса Инабат Ризабекова батысқазақстандықтардың өнерге деген құрметіне таңданыстарын жасырмады.

Облыстағы гастрольдік сапарын 28 сәуірде бастаған «Astana Musical» мемлекеттік театры 3 мамыр күні Сырым ауданында түйіндеп, одан әрі Ақтөбе  облысына  жол  тартпақ.

Гүлсезім    БИЯШЕВА,

«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар