3.05.2019, 13:04
Қараулар: 83
БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2019 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстар қорытындысы бойынша жиналыс өткізді

БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2019 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстар қорытындысы бойынша жиналыс өткізді

 

БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының мәжіліс залында БҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник А.Қ.Ахметжановтың төрағалығымен 2019 жылдың                    І тоқсанында орындалған жасақтың жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша   есептік жиналыс өтті.

Ұжымдық жиналыс салтанатты іс-шарадан басталды. Олар ант сөзін оқуға ерекше толқумен және жауапкершілікпен қарады, өйткені бұл күнге жету оңай болмады. Олар төзімділікке үйреніп, кәсіби аттестация мен емтиханнан сүрінбей өтіп, көптен күткен «құтқарушы» мәртебесіне ие болды.

Ант қабылдау рәсімінен кейін БҚО ТЖД бастығының орынбасары подполковник А.Қ.Ахметжанов құтқарушыларды осы айтулы оқиғамен құттықтады.

Содан соң жасақ басшысы А.О.Килишев ұжым алдында 2019 жылдың І тоқсанында орындалған жасақтың жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша баяндама жасады.

2019 жылдың бірінші тоқсанында жасақ құтқарушыларының күшімен 248 жедел шығу жасалды, өткен 2018 жылмен салыстырғанда шақырту саны 37 бірлікке өскен.

Жасақ басшысы А.О.Килишев атап өткендей, биылғы жылдың ақпан-наурыз айларында Батыс Қазақстан облысында қардың көп көлемде жаууына байланысты шатырдың құлауы, ағаштардың сынуы, қар құрсауында қалу және басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген шұғыл жұмыстарға шығулар санының өсуі байқалады.

Талдау нәтижесі бойынша ең көп жедел шақыртулар тұрмыстық сипаттағы шақыртулар. Осылайша есікті ашу бойынша 89 шақыртуға шықты. Олардың ішінде пәтерде қараусыз қалған кішкентай сәбилерге 22 рет, құлыпталған пәтерде көмексіз қалған қарт адамдарға 29 рет көмек көрсетуге шықты. Сонымен қатар, құтқарушылар тұрмыстық газ бен пәтердегі электр құралдарының жануына жол бермес үшін 14 шақыртуға шықты.

Тұрғындардың  лифтіні пайдалану ережелерін бұзуына, ақауы бар лифтілердің және лифт жабдықтарының тозуына байланысты құтқарушылар 14 жедел шақыртуға шықты.

Авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 470 адам құтқарылды, соның 54-і балалар. Төтенше жағдайлар аймағынан 86 адам эвакуацияланды. Дәрігерге дейін медициналық көмек 7 адамға көрсетілді.

            Сондай-ақ, жасақ басшысы өз баяндамасында жүргізілген алдын алу жұмыстарының қорытындысын шығарды. Әсіресе, су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу кезінде құтқарушылардың нәтижелі жұмысын атап өтті.

            Құтқарушылар қала және облыс өзендерінде мұз кептелісінің пайда болуына бейім 30-дан астам учаскелерді анықтады.  Барлық учаскелерде мұздың беріктігін төмендету мақсатында мұз кесу жұмыстары орындалды.

Есепті кезеңде қала және облыс мектептерінде 31 қауіпсіздік сабағын өткізді.

Жиналыс соңында подполковник А.Қ. Ахметжанов Жедел-құтқару жасағының жұмысына оң баға берді, барлық құтқарушыларға атқарылған жұмысы үшін алғысын білдірді, бұл ретте алда суға шомылу маусымы кезеңінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс күтіп тұрағанын атап өтті.

БҚО ТЖД Жедел-құтқар жасағының

бас құтқарушы-психологы

                                                      Л. Абдрахманова

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар