3.05.2019, 13:00
Қараулар: 94
2019 жылы облыс аумағында үйірлі шегірткелерге қарсы жүргізілетін шаралар

2019 жылы облыс аумағында үйірлі шегірткелерге қарсы жүргізілетін шаралар

         Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы №1295 қаулысымен бекітілген  ерекше қауіпті зиянды ағзалар тізімі бар. Осы бекітілген тізім бойынша  біздің облыс аумағында  үйірлі  шегірткелердің  екі түрі кездеседі, олар итальян және азиат шегірткесі.

        Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімінің міндеті тиісті аумақтағы фитосанитариялық жағдайды қадағалау, орындаушылар жүргізетін мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың сапалы жүргізілуін бақылау  болып табылады.

        Облыс  аудандарының жерлері  үйірлі  шегірткелердің  өсіп өнуіне қолайлы аймақ болып табылады.

         Бұл зиянкестердің өсіп өнуіне және таралуына жол бермеу біздің басты мақсатымыз. Өйткені көктемгі, жазғы уақытта  облыс аудандарының  құмды өңірлері мен суармалы көлтабандарында және көлдердің қамыс-қоғаларында  қыстан шыққан шегірткелердің дернәсілдері жанданып шабындықтар мен жайылымдарға таралып зиян келтіреді.

Аса қауіпті зиянкестер мен ауруларға зерттеу шараларын «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Батыс Қазақстан облыстық филиалы жүргізеді. Осы филиалдың жазғы, күзгі жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде,   2019 жылы аса қауіпті зиянкес үйірлі шегірткелерге қарсы 155,11 мың га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

Биыл бұл жұмыстар Бөкейорда, Қаратөбе, Сырым және Шыңғырлау аудандарының аумақтарында жүргізіледі.

Аса қауіпті ағзаларға химиялық өңдеуді жүргізетін және қажетті пестицидтермен қамтамасыз жасайтын мекемелердің қызметін сатып алу жұмыстарын (тендерді) мемлекеттік инспеция Комитеті жүргізеді.

       Италиялық шегірткенің дернәсілдері жер бетіне ауа райына байланысты мамыр айының бірінші немесе екінші он күндігінде шығып, дамуы 30-40 күнге созылады. Осы мерзім ішінде дернәсілдер 5 рет түлейді.

        Итальян шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары, шегірткенің дернәсілдері бір шаршы метрде 5 және одан көп болғанда, 2-3 жасқа шыққан кезінен бастап жүргізіледі.

 Дернәсілдерді бір жасында өңдеу жұмыстары жүргізілмейтін себебі бұл кезде дернәсілдер бір келкі толық шықпайды және шыққандары келесі жасқа тезірек өту үшін шөбі сирек жерлерге, тақырларға, жолдардың үстіне,  ашық алаңдарға  жинақталады.

Осы кездерде автокөлік жолдарының үстіндегі дернәсілдердің шағын тобын көрген адамдар айқай-шу шығармай, әлеуметтік желілергі таратпай түсіністікпен қарап,  аудандардағы біздің аудандық аумақтық инспекцияларға, болмаса облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөліміне хабарласса  осы мекемелер қажетті шараларды уақытылы алады. Қашанда хабарласып бірлесе атқарған жұмыс нәтижелі болады.

Улау жұмыстары жүргізілген  соң, дернәсілдер қолданылған дәрілердің  әсер етуіне байланысты бірнеше сағаттардан соң, я бір тәуліктен кейін өлуі мүмкін. Дернәсілдер уланғанан кейін өсімдіктерге зиян келтірмейді, яғни өздерінің тамақтануын тоқтатады. Дернәсілдер жер бетіне біркелкі шықпауынан өңделген жерлерде қайтадан кешігіп дернәсілдердің шығуының қайталануы болады, осы кездерде кейде қайта улауға тура келеді.

Шегірткенің өсіп-өніп көбеюін ауа-райының қалыптан тыс ыстық немесе суық болу жағдайлары тежеп отырады. Қазақстанның әр түрлі зоналарында бір келкі емес. 2017 жылы Қаратөбе  ауданында дернәсілдерге көктемгі- жазғы кезде өңдеу жұмыстары барлығы 2,6 мың га жүргізілді.

Ал жазғы-күзгі шегірткелердің ұшу, шағылысу және күбіршік салу кезінде көршілес орналасқан облыс аумақтарынан Қаратөбе ауданы аумағына шегірткелердің ұшып келіп қоныстануы және күбіршік салғаны анықталды.

Осы ұшудан кейін 2018 жылға Қаратобе ауданында өңдеу жұмыстарын 61,0 мың га жоспарлауға тура келді.

Бөкейордасы ауданы бойынша химиялық өңделетін аумақ көлемі екі есеге кемісе, ал Жаңақала ауданы бойынша биыл химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған жоқ. Бұл жақсы көрсеткіш

Облыс әкімі орынбасарының қатысуымен облыстық әкімдікте штаб отырысы өткізілді, штаб отырысының мақсаты шегірткелерге қарсы  химиялық өңдеу жүргізілген уақыттан бастап аяқталғанша науқандық жұмыстарымызды тиісті деңгейде ұйымдастыруды қадағалау.

Сонымен қатар зерттеу және химиялық өңдеу шаралары қашанда инспекция мамандарының жіті бақылауында болады.

ҚР АШМ АӨК МИК

Батыс Қазақстан облыстық

аумақтық инспекция.

Өсімдіктерді  қорғау жөніндегі

мемлекеттік инспекция

бөлімінің басшысы                                                                           Е.Курмашев