30.04.2019, 12:03
Қараулар: 84
Бала қиялындағы өрт сөндіруші мамандығы!

Бала қиялындағы өрт сөндіруші мамандығы!

 

25 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде облыстың жалпы орта білім беретін мектеп  оқушылары арасында өртке қарсы тақырыпта балалар суреттерінің дәстүрлі байқауы өткізілді.

Мектеп оқушылары арасында өртке қарсы білімді насихаттау, қауіпсіздік тәртібі мәдениетін арттыру, өрттен қорғау тарихына  үңіле отырып оларға өрт сөндіруші мамандығын дәріптеу осы байқаудың басты мақсаты болды.

Бір-бірінен техникасы мен мазмұны бойынша ерекшеленетін түрлі жұмыстар дайындаған балалар, белсенділік танытты. Аталған байқау жыл сайын өткізілсе де, оқушылардың байқауға қатысуға үлкен қызығушылықтары мен ынталары жылдан жылға артып келетіндігі байқалады. Байқау барысында балалардың ұсынған суреттерінен ертегілер әлемінің кейіпкерлері мен шынайы кейіптегі бейнелерді де көруге болады. Түрлі-түсті қарындаштар, гуашь,  акварель бояулармен тақтайға күйдіріп салынған суреттер қайталанбас ерекшеліктерімен таңдандырды. Ең бастысы, барлығы да адам өмірін құтқаруда өртпен айқасқан айбынды өрт сөндірушілердің жұмыстары мен адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарын өз еңбектерінде ашып көрсетті.

Байқауға облыстың жалпы білім беретін орта мектептерінің оқушылары арасынан жалпы саны 487 оқушы белсене қатысты.

Байқауға қатысу үшін жолданған барлық суреттерді қарай келе, комиссия мүшелері үздік суреттерді анықтап, төмендегі қатысушыларды  «Алғыс хаттар» және ынталандыру сыйлықтарымен марапаттауды шешті:

1-орын Орал қаласы №50 ЖОББМ 5-сынып оқушысы Сатай Айсезім;

2-орын 1) Орал қаласы №42 «Ақ ниет» гимназиясы 5-сынып оқушысы Бауыржан Даниял;

                2) Орал қаласы №7 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Анастасия Елькина;

3-орын 1) Теректі ауданы Шаған ЖОББМ 5-сынып оқушысы Жанерке Рахимберлиева;

              2) Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №7 ЖОББМ 5-сынып оқушысы Аманат Сактемиров.

Ең жас суретші номинациясы бойынша Теректі ауданы Госплемстанция ЖОББМ  оқушысы Аділет Азизов (7-жаста).

Аталмыш байқауға белсене қатысқан қалалық және аудандық білім бөлімдеріне ерекше атап өткіміз келеді. Мәселен, Орал қаласының білім бөлімі 175 жұмыс ұсынса, Теректі ауданынан 134 оқушының суреті ұсынылды. Білім бөлімдерінің басшылары Департамент басшылығы атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.

Байқауға қатысушылар 2019 жылғы 6 мамыр күні Департаменттің мәжіліс залында «Отан қорғаушылар күні» мен «Жеңіс күніне» орай ұйымдастырылған салтанатты шара кезінде марапатталатын болады.

Осындай игі шаралардың кеңінен ұйымдастырылуы балалардың өрт қауіпсіздігін  сақтап жүруге жауапкершіліктерін арттыратынына сенімдіміз.

 

БҚО ТЖД Зілзалалар қауіп-қатерін

азайту және азаматтық қорғау

саласындағы бақылау басқармасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.