29.04.2019, 22:25
Қараулар: 79
«Ашық әкімдікке» 258 адам келді

«Ашық әкімдікке» 258 адам келді

Х. Бөкеева атындағы  облыстық  қазақ  драма  театрының  фойесінде  кезекті  «Ашық  әкімдік» шарасы  өтті. Әкімшілік  тосқауылдарды  жою  және  жергілікті  атқарушы билік  буындары  жұмысының  ашықтығын  қамтамасыз ету  бағытында  ұйымдастырылған дәстүрлі  шараға  бұл  жолы  258 облыс  тұрғыны  келді.

Облыс әкімінің орынбасарлары Миржан Сатқанов пен Ғабидолла Оспанқұлов, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері үш сағаттан астам уақыт азаматтарды қабылдап, олардың сан түрлі мәселелері бойынша сауалдарға жауап берді.

Қазір облыс тұрғындары бұрынғыша апталап кеңсе табалдырығын тоздырмай, қабылдауға алдын ала жазылусыз, мәселені санаулы минут ішінде шешіп беретін «Ашық әкімдік» шарасының тиімділігін бағалап үлгерген. Тоқсан сайын ұйымдастырылатын шараның мерзімі бұқаралық ақпарат құралдары мен облыстық және қалалық әкімдіктердің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында алдын ала хабарланады. Бұл жолы да тұрғындарды толғандырған мәселелердің дені тұрғын үй мен жер кезегі, әлеуметтік жәрдемақы рәсімдеу, жолдар мен аулаларды жөндеу және кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге қатысты. Жыл өткен сайын сұрақтардың жеке мәселеден гөрі, көпшілікке ортақ сипат  алып  келе  жатқаны  қуантады.

Динара  ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.