26.04.2019, 12:35
Қараулар: 110
Өңірдегі маңызды мәселелерге мән берілді

Өңірдегі маңызды мәселелерге мән берілді

Қазақстан  Президенті  Қасым-Жомарт  Тоқаев  Батыс Қазақстан  облысының  әкімі  Алтай  Көлгіновті  қабылдады,  деп  хабарлады Қазақстан  Республикасы Президентінің  баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізудің маңызды екенін айтты. Кездесу барысында шалғай аудандарды ауыз сумен қамтамасыз ету, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне баса мән берілді. Президент Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар  нақты  тапсырма  берді.

«Егемен  Қазақстан», №78, 24 сәуір, 2019 жыл

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.