23.04.2019, 11:35
Қараулар: 184
Арнайы жүлде Нұртайда!

Арнайы жүлде Нұртайда!

Жалпақтал өңірінен шыққан көптеген журналистің ұстазы, ақын Темірғали Жазбаевты еске алуға арналған ІІ облыстық ақындар мүшәйрасында әріптесіміз, «Орал өңірі» газетінің тілшісі Нұртай Текебаев арнайы жүлдеге ие болды.

Өлең  өлкесінде  өзіндік  қолтаңбасымен  танылып  жүрген  Нұртай Алтайұлының  «Жазбаев монологы:  «14-ке» оралу»  атты  өлеңі   жыр бәйгесінің  арнайы  жүлдесін  жеңіп  алды. Елдің сыйлы  ақсақалы  Кәрім  Өтеғұлов  Темірғали  Жазбаевтың  ұрпағының  атынан ақынға ат  мінгізді.

Ақындық  өнер  мен  журналистиканы қос  қанатындай  қатар  алып жүрген  әріптесімізді  жаңа  жүлдесімен  құттықтаймыз!  Кеудеңдегі  жыр-бұлағың  сарқылмасын,  қаламыңның  қуаты  таусылмасын, Нұртай  әріптес!

«Орал  өңірі»  газетінің  редакция  ұжымы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.