23.04.2019, 11:34
Қараулар: 88
«Алаш» сыйлығын иеленді

«Алаш» сыйлығын иеленді

Жуырда Қазақстан Жазушылар одағында Әдеби жыл қорытындысына арналған жиын өтіп, бір топ қаламгер халықаралық «Алаш» сыйлығын иеленген болатын. Олардың қатарында жерлесіміз, ҚР Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, бірнеше кітаптың авторы Мира Шүйіншәлиева да бар.

«Ар азабы» пьесалар, хикаялар мен әңгімелер жинағы үшін  халықаралық  «Алаш» әдеби сыйлығына ие болған әріптесімізді Жайық жұртшылығы атынан шын жүректен  құттықтаймыз. Бұдан бұрын да оқырмандарын мазмұнды туындыларымен қуантып жүрген Мира Хамзақызының  «Махаббат бағы», «Шүберек қуыршақ», «Жүректегі құпия», «Өкініш» атты повестері мен әңгімелер жинақтары жарық көрді.

«Орал өңірі» газетінде  біраз  уақыт  бойы тілшілік қызмет атқарған әріптесіміз­ге  әдебиет  биігіндегі  алар  асулары­ңыз  мол  болғай  деп  тілейміз!

«Жайық Пресс» ЖШС және «Орал өңірі»  газетінің  редакция  ұжымы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар