18.04.2019, 19:59
Қараулар: 82
Өрт шарпыған отбасыға көмек

Өрт шарпыған отбасыға көмек

Жалпақтал ауылының тұрғыны Қарлығаш Бейімованың тұрғын үйінің бір бөлмесі өртеніп, біраз дүние-мүлкі жарамсыз болып қалды. Абырой болғанда кісі шығыны болған жоқ. Өрт электр желісінің қысқа тұйықталуынан болған.

Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов, «Жалпақтал-көмек» қорының жетекшісі Аманкелді Кәкімов, Жалпақтал ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ғилым Едекешев Қарлығаш Бейімованың үйіне арнайы барып, қал-жағдайларын сұрап, көмек көрсетті.

Аталмыш ауылдық округтің әкімі Самиғолла Ақмурзиннің айтуынша, аудан тарапынан тұрғын үйді жөндеуге көмек көрсетілетін болады. Қиын жағдайда қалған отбасы тұрмысқа қажетті заттармен, сондай-ақ балаларына сабаққа керек оқу-құралдармен қамтылған.

– Ауылдың ортасында отырғаннан кейін бейжай қарамай барымызды салып, «Жалпақтал-көмек» қоры арқылы және аудандық ақсақалдар алқасы атынан көмек көрсетуді жөн көрдік, – дейді аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов.

Тұрарбек   ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Жалпақтал   ауылы,

Қазталов   ауданы