19.05.2015, 7:47
Қараулар: 40
Жемқорлыққа жол жоқ

Жемқорлыққа жол жоқ

IMG_3785


Таяуда «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алдында жүзге тарта белсенді студенттердің қатысуымен «Таза сессия» тақырыбында флеш-моб өтті.


Шараны Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті ұйымдастырды.

«Орал» студенттер альянсы» корпоративтік қоры ұйытқы болған бұл шара дәстүрлі түрде оныншы мәрте оздырылып отыр.

Біздің департамент осы акция шеңберінде оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы лекциялар, семинарлар, форумдар мен тренингтер өткізуде. Қаламыздың студенттері мен жастары әрдайым осындай шаралардың бастаушысы болуда. Жоғарғы оқу орындарында сыбайлас жем-қорлыққа қарсы комиссиялар құрылмақ. Оқу орнының студенттері сыбайлас жемқорлық заңнамасы немесе жеке басының құқығы бұзылған жағдайда комиссияға немесе 14-94 сенім телефонының көмегіне жүгіне алады. Мамыр айының 13-23 аралығында оздырылатын акция шеңберінде оқушылар және студенттермен кездесулер, сауалнамалар жүргізілетін болады, – деді департаменттің баспасөз  хатшысы Мәншүк  Харесова.

Шара барысында студенттер «Жемқорлыққа жол жоқ!» деп ұрандатып, арнайы дайындалған түрлі түсті тақтайшалар арқылы 14-94 сенім телефонын бейнеледі.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар