16.04.2019, 11:49
Қараулар: 43
Өсімдіктер карантині саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Өсімдіктер карантині саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Өсімдіктер  карантині саласы аясында 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ, олар: «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру», «Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» және «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері. Карантиндiк  және фитосанитариялық сертификат беру мемлекеттік  көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына» сәйкес көрсетеді.

 Карантиндiк және фитосанитарлық сертификатты алу үшiн жеке және заңды тұлғалар ҚР АШМ АӨК МИК (уәкілетті орган) аумақтық бөлімшесіне өтiнiм бередi және карантиндiк жай-күйдi айқындау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторға карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.

Фитосанитарлық сертификат  алу үшін көрсетілетін қызметті алушы   (немесе оның өкілі)   көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:  осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім, жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін) ұсынады. Порталға жүгінген кезде:  осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім.

«Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге байланысты фитосанитариялық сертификат көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде рәсімделеді.          Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:       көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – фитосанитариялық сертификат немесе уәжді бас тарту; порталда – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

 «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі электронды (ішінара автоматтандырылған) түрінде көрсетіледі. Аталмыш мемлекеттік қызметті алу үшін   көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді электрондық құжат нысанында портал арқылы жолдайды.
Карантиндік сертификат көрсетілетін қызметті берушіге – 3 (үш) жұмыс күні ішінде рәсімделеді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – карантиндік сертификат немесе уәжді бас тарту. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – электрондық.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс кестесіне сай.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

 

Акбаян Джуламанова

ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар