16.04.2019, 11:48
Қараулар: 47
«Көшет» акциясы

«Көшет» акциясы

Қазақстан Республикасының карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау мақсатында өсімдік карантині саласы бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Аталған бағыттағы іс-шаралар  ауыл шаруашылығы, орман және сәндік дақылдардың себілетін және отырғызылатын материалына, өсімдіктерге және олардың бөліктеріне (қалемшесі, жуашығы, түйнегі, жемісі), сондай-ақ карантиндік объектілерді жұқтырушы болуы мүмкін басқа өсімдік тектес кез келген өнімге қолданылады.

Осыған орай, қаламызда үш ай мерзімінде халықты табиғатты аялауға шақыру  мақсатында «Көшет» акциясы жүргізілуде.  «Көшет»үш айлық акциясының жоспарына сәйкес, тұқымдық және отырғызылатын материалдар сауда-саттығын жүзеге асыратын орындар ұсынатын базар әкімшіліктері мен тұқым және көшет сататын кәсіпкерлерге тұқымдық және отырғызылатын көшеттік материалдармен бірге ілесіп келетін карантиндік нысандардың зияндылығы және олардың алдын алу шаралары мен жою жолдары туралы, материалдардың фитосанитариялық қауіпсіздігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.           Әкелінетін карантинге жатқызылған өнім оның межелі, жеткізу пунктінде қайтадан карантиндік тексеріп қарауға жатады.

Карантинге жатқызылған өнімнің иесі облыстың уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін  карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді және карантинге жатқызылған өнімді келген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізу, межелі орнында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін көрсетеді.

Карантинге жатқызылған өнім карантиндік тексеріп қараудан өткізілгеннен және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйі туралы  куәландыратын және карантиндік тексеріп қарау нәтижесі бойынша карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін береді. Карантиндік объектілерді оқшаулау және жою айтарлықтай материалдық инвестицияларды қажет ететіндіктен, аталған шаралар ең алдымен, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сонымен қатар  шағын және орта бизнестің дамуына, өнімнің тауар айналымының бәсекелеге қабілеттілігін арттыруда қолайлы септігін  тигізеді.

Тұқымдық және отырғызылатын материалдармен айналысатын қала сауда орындарында «Өсімдік карантині» туралы Заң талаптарын орындау жөнінде мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңдылықтарды бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің» 400  бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Акбаян Джуламанова

ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар