16.04.2019, 11:28
Қараулар: 136
Тікелей желі өтеді

Тікелей желі өтеді

Оба және түйнеме сықылды жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 23 сәуір күні сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін «Орал өңірі» газетінің редакциясында тікелей желі өткізеді.

Тікелей желіге аталмыш департаменттің басшысы Жайдар Құрманов пен Орал обаға қарсы күрес стансасының басшысы Нұрбек Майқанов қатысады. Желі барысында олар аталған дерттерге қарсы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, осы дерт-кеселдерден қорғану жолдарын айтып, оқырман сұрақтарына жауап беретін болады.

Сұрақтарыңызды редакциямыздың 51-25-80 нөміріне хабарласып немесе алдын ала 8 778 937 47 47 нөміріне уатсап желісі арқылы жолдауларыңызға болады.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар