16.04.2019, 11:27
Қараулар: 36
Жайық суы Қараөзенде

Жайық суы Қараөзенде

Киров – Шежін каналы арқылы Жайық өзенінің суы Қараөзенге жетті.

Каналдың іске қосылуы аудан тұрғындарына үлкен қолдау. Ресей Федерациясынан келетін суға тәуелділікті азайтуды мақсат еткен бұл жобаның құны 2 401,726 млн. теңге құрап, қаражат облыстық бюджеттен бөлінген болатын. Ұзындығы 180 шақырымды құрайтын канал облысымыздың оңтүстік аймақтарында орналасқан төрт ауданның аумағынан өтеді. Канал бойындағы 130 мың гектар жер суланып, 22 тоған болады. Олардың әрқайсысы 10 мың шаршы метр аумақты қамтымақ. Төртінші кезеңге созылған каналдың құрылыс жұмыстары былтыр аяқталған болатын. Халық игілігі мен ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолға алын-ған үлкен жобаның дер кезінде аяқталуы тұрғындарды қуанышқа кенелтті. Қазірдің өзінде  Талдықұдық, Ақпәтер ауылдық округінің тұрғындары бұл судың қайырын көруде.