11.04.2019, 17:49
Қараулар: 34
«Мен қазақпын!» поэмасына – 55 жыл

«Мен қазақпын!» поэмасына – 55 жыл

Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын!» поэмасына 55 жыл толуына орай ақын атындағы саябақта «Қазақ рухының қыраны» атты бренд-автор шоуы өтті.

Ақиық ақынның атын иемденген облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының орынбасары Жаңылай Мақасова елімізде 2019-2020 жылдар Жұбан жылы деп жарияланғандығын, алдағы жылы Ж. Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай ауқымды шаралар жоспарланғандығын атап өтті. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Айтқали Нәріков шоқтығы биік туынды – «Мен қазақпын!» поэмасының жазылу тарихы туралы әңгімелесе, ақын, жұбантанушы Үзілдік Елубаева қазақ халқының үш ғасырлық тарихын өн бойына сидырған туындының тарихи мән-маңызына тоқталып өтті.

Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана мен М. Горький атындағы қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен шара барысында Жұбан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беріліп, орта жастағы оқырмандар мен студенттер, оқушылар және балабақша балдырғандары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, өнерлі өрендер ән-күйден шашу шашты.

Ақынның ғұмырдерегі мен шығармашылығы туралы мол мағлұмат қамтылған кітап көрмесін тамашалаушылар қатары да көп болды.

Аяужан  КЕРЕЕВА,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар