11.04.2019, 17:47
Қараулар: 39
Өрттің қауіпсіздігі ережелері туралы мультфильм

Өрттің қауіпсіздігі ережелері туралы мультфильм

Кішкентай балалар өрттің  қауіп-қатерін толық түсіне бермейді. Әдетте үйде жалғыз қалған бала сіріңке қорабымен ойнағысы келеді. Кейбірі үйдегі тұрмыстық техниканың қалай жұмыс жасайтынын өз көздерімен көргісі келіп, қызығады. Сондықтан ата-ана есі кірмеген балаларын көзден таса қылмағаны дұрыс.  Әсіресе, жылу беру кезеңінде әр бала жылыту пешінің құрылысы мен оны пайдаланудың негізгі ережелерін білуі тиіс.

Осыған орай, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Техникалық байланыс және құлақтандыру бөлімшесі «Өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбына мультипликациялық фильм әзірледі. Бұл мультфильм балаларды оқытуға арналған. Кейіпкерлерге бағзы заманнан бері адамзатқа адал болып келген адамның төрт аяқты достары таңдалды.

Мультфильмде жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтылады. Онда балаларға егжей-тегжейлі және түсінікті түрде жылыту пешінің негізгі ережелері мен қолданылуы көрсетіледі.

Айта кету керек, 2019 жылдың жылыту кезеңінде БҚО ТЖД өрттің профилактикасына бағытталған 4 бейне ролик жасады.

 

 

А. ҚАДЫРОВ,

БҚО ТЖД ӨҚСБ және ПҚБ бас маманы

азаматтық аға лейтенанты

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар