9.04.2019, 10:23
Қараулар: 46
Достарыңды қуанта бер, «Жұлдызай»!

Достарыңды қуанта бер, «Жұлдызай»!

Өткен жұмада Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында  республикалық «Жұлдызай» фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін фестивальдың аудандық кезеңіне 500-ге жуық ерекше қажеттіліктері бар балалар қатысқан. Облыстық кезеңде 150-ден астам мүмкіндігі шектеулі балғын бақ сынады.

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі ерекше балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеті мен әлеуметтік белсенділігін дамыту, қоғамдық ортада өздерін еркін сезінуге көмектесуді мақсат еткен фестивальға қатысуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді.

Фестиваль барысында қатысушылар «Вокал», «Хореография», «Ым-ишаратпен ән айту» аталымдары  бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар фестивальдың «Бейнелеу өнері», «Көркем қолданбалы өнер» аталымдары бойынша театр фойесінде үздік деп танылған жұмыстардан жасақталған көрме көрермен көңілінен шықты.

Көңілді кейіпкер аниматорлары мен «жасұландықтар» балаларға флешмоб ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Фестивальдың жоғары деңгейде өтуіне  «Орал – Дез»  ЖШС  директоры Аслан Қарабалин, «Фирма Сервер плюс» ЖШС директоры Алексей Наумов, «Стекло Сервис» ЖШС  директоры Аркадий Рубцов, жеке кәсіпкерлер Күнсұлу Қиламбекова, Нұржамал  Кабакова, Аухат Оңғаров,  «Art dance» директоры Динара Мерғалиева демеуші болып, қолдау көрсетті.

Фестивальға қатысқан балғындардың барлығы облыстық білім басқармасының алғысхатымен және бағалы естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Гүлжамал   ЖОЛДЫҒАЛИ,

«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.