9.04.2019, 10:09
Қараулар: 22
Мұқтаж жандарға үй салынуда

Мұқтаж жандарға үй салынуда

Сенбі күні облыс әкімі Алтай Көлгінов шаһарда бой көтеріп жатқан бірқатар тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

Құрылыс алаңында болған өңір басшысы облыс аумағында салынып жатқан тұрғын үйлер мұқтаж азаматтарға салынып жатқанын атап өтіп, мердігерлерге құрылыс сапасы мен мерзімдерін сақтауды тапсырды.

Бүгінгі күні облыс орталығының солтүстік-шығыс бөлігінде 600 пәтерден астам 4 көпқабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынуда.

Сондай-ақ облыс әкімі Скоробогатов көшесінде апатты үйдің орнына бой көтеріп жатқан 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

Айта кету керек, Елбасы қабылдаған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өңірімізде 21 көп қабатты тұрғын үй  бой  көтеруде.

Облыс   әкімінің   баспасөз   қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар