19.05.2015, 7:28
Қараулар: 48
Дәнекерлеушілер додасы

Дәнекерлеушілер додасы

svarshik_naks


Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында «Кәсіби маман — 2015» атты электргаз дәнекерлеуші мамандығы бойынша кәсіби шеберлік байқауы өтті.


— Дәстүрлі өтетін бұл байқаудың басты мақсаты – колледж студенттерінің білім-біліктерін жетілдіре түсу. Бүгінгі таңда электргаз дәнекерлеуші мамандығына деген сұраныс артып келеді. Осы мамандықты таңдап, қырсырын меңгерген жас мамандар болашақта өз ісінің шебері атанары сөзсіз. Өңіріміздегі 38 колледжде 22 мыңнан астам қыз-жігіт білім алуда. Біздің міндетіміз оларға белгілі бір кәсіби білім беріп, өмірде өз жолдарын табуға ықпал жасау, — дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Сабиров.

Байқауға қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру», «Шебер қолдар», теориялық және практикалық бөлімдерде сынға түсті. Нәтижесінде Орал политехникалық колледжінің студенті Марс Мақсат бірінші, Самара техникумынан қатысқан Александр Фролов екінші орынды жеңіп алды. Ал үшінші орынды зеленовтық Владимир Полкунов пен индустриалды колледж студенті Еламан Мырзағалиев өзара бөлісті.

Бөкей ордасы аудандық колледжінен қатысқан Арыс Жұмағазиев «Тапқырлығы үшін», Ақсай техникалық колледжінің шәкірті Ерболат Темьяров «Шебер қолдар», жаңақалалық Мейрім Ермекқалиев «Мамандығын насихаттаудың үздігі» аталымдары бойынша үздік танылды.

Нұрбек  ЗӘКӘРИЯҰЛЫ,

«Орал өңірі»


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар