19.05.2015, 7:24
Қараулар: 34
Нашақорлыққа қарсылық

Нашақорлыққа қарсылық

IMG_3649


Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен БҚО жастар қауымдастығы бірлестігі нашақорлық пен наркоқылмыстың алдын алу мақсатында балалар ауылында әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізді.


Шараның басты мақсаты мектеп оқушылары, соның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ауылының тәрбиеленушілеріне нашақорлық пен қылмыстың зиянын түсіндіру болды. Шара барысында жастар қауымдастығы мүшелері мен психолог мамандар балалар ауылының тәрбиеленушілеріне  дәріс оқып, қызықты ойындар арқылы аталған індеттің зардабын түсіндірді.

Нашақорлық  пен есірткі қылмысын болдырмауға бағытталған шараларды өңіріміздегі білім ошақтары мен мекеме-кәсіпорындарда кезең-кезеңмен өткізу жоспарлануда.

 Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар