28.03.2019, 17:45
Қараулар: 274
99-наурызды қарсы алдым

99-наурызды қарсы алдым

Баршаңызды балаларым деп айтуға әбден қақым бар. Жасым 99-ға келгенше өмірдің ыстық-суығын, молшылықты да, жоқшылықты да көрдім. Өткен өміріме өте ризамын. Қиындықтардың бәрі де адамды қайраттандырады, балаларымыз бізге күш-жігер береді. Ал бойымыздағы  рух  өмірге деген құштарлықты арттырады.  Міне, бұл – менің 99-наурызды қарсылауым. Өзім Ресейдің Дмитреевка  ауылында  дүниеге келсем де, ес білгелі бергі ғұмырым Қарақай ауылында  өтуде. Сол жерде өсіпөніп,  зейнеткерлікке де сол жерден шықтым. Балаларымнан ұрпақ өрбітіп, немере-шөберенің қызығын көріп отырған жайым бар.

Бейбіт, тыныш заман, өміріміз – шуақты, нанымыз – көп, тамағымыз – тоқ, дастарқанымыз — мол, бұдан артық бізге не керек?!  Адам өмір сүру үшін ең алдымен бейбіт заман болсын, ерінбей еңбек етсек, бәрі де болады.

Міне, наурызға да жеттік.

Наурызда ақ көп болсын,  көңілдер шат болсын! Баршаларыңды Ұлыстың ұлы күні – Наурызбен құттықтап, ғұмыр жастарың ұзақ болсын деймін! Менің жасымды берсін! Көрген қиындығымды көрсетпесін, алдарыңда тек жақсылықтар болсын!

 Нұрсұлу  ТОҚЖАНОВА,

Шыңғырлау  ауылының  тұрғыны

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.