28.03.2019, 17:03
Қараулар: 27
БҚО-да челендж-акциясы өтуде!!!

БҚО-да челендж-акциясы өтуде!!!

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жариялаған «Улы газға — STOP (жол жоқ)!!!» өрт қауіпсіздігі айлығы аясында облыстың барлық аудандарында газбен уланудың және оның алдын алу жолдары көрсетілген бейне – эстафетасы (челленджі) басталды.

«Улы газ» – дәмі де иісі де жоқ, ауадан жеңіл (қалыпты жағдайда) түссіз ерекше улы газ. Улы газ өте қауіпті, себебі иісі жоқ және улануға, тіпті өлімге әкеп соғады. Уланудың белгілері: бас ауруы және бас айналу; құлақтағы шу, демігу, жүрек соғысының жиіленуі, көз алдында жыпылықтау, беттің қызаруы, жалпы әлсіздік, жүректің айнуы, кейде құсу; ауыр жағдайларда құрысулар, сананың жоғалуы, комаға түсу.

Бүгінгі таңда эстафета Теректі ауданынан Шыңғырлау ауданына көшті. Осыған байланысты Шыңғырлау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі №22 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп «Жастар ресурсы» жастар орталығының қолдауымен бейне ролик дайындады.

Бейне роликтің негізгі мәні — тұрғын үйлерде жылыту пешін дұрыс пайдалану. Себебі пешті дұрыс пайдаланбау нәтижесінде, негізінен пештің және түтін құбырының конструкциялары қызып, соның салдарынан қоршаған материалдардың жануы (ауыр жағдайда) орын алады. Біздің жағдайда пештің бұрыс қолдану конструкцияның тұрақсыздығын тудырады, соның салдарынан улы газдың көп мөлшерде бөлінуі  орын алады.

Сюжетте үй пештерінің пайдаланудың осындай жағдайларының бірі көрсетілген. Тұрғындар жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамайды, бұл қайғылы жағдайларға әкеліп соқтырады.

Өрттердегі адамдар өліміне жол бермеу үшін БҚО ТЖД қызметкерлері тұрақты түрде түрлі профилактикалық шаралар өткізеді: тұрғындарға жылыту пештерін қолдану кезіндегі сақтық шараларын түсіндіру,  қоғамдық орындарда жаднамалар тарату арқылы тұрғын үй секторындағы аулаларды аралау, көшелерде дауыс зорайтқыш құралдары арқылы құлақтандыру, адамдар көп жиналатын орындарда бейне роликтерді көрсету және т.б.

Есіңізде сақтаңыз! ТЖ туындаған жағдайда 101, 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Эстафета «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-ға берілді.

         Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар