28.03.2019, 17:02
Қараулар: 247
«ASIA MALL» сауда үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

«ASIA MALL» сауда үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Адамдар көп жиналатын объектіде өрт шыққан кезде қауіп әрдайым жоғары дәрежеде болады. Төтенше жағдайларды жоюдағы қиындық жұмыстардың бірден бірнеше бағытта жүргізілетіндігі: бұл бірінші кезекте адамдарды құтқару және эвакуациялау, өртті оқшаулау және сөндіру, материалдық шығынды азайту.  Әрбір объектінің өзінің сәулеттік және құрылыс бойынша ерекшеліктері бар. Сондықтан өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу кезінде, әсіресе адамдар көп жиналатын объектілерде өрт сөндірушілерден ғимараттың барлық ерекшеліктерін, негізгі және қосалқы шығулардың орналасуын, өрт гидранттарының объект аумағында орналасқан жерін және т.б. алдын ала және егжей-тегжейлі зерттеу талап етіледі.

2019 жылғы 27 наурызда «ASIA MALL» сауда үйінде кезекті жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді, оның мақсаты адамдар көп жиналатын объектідегі өртті сөндіру бойынша іс-әрекеттерді пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің объект әкімшілігі мен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылы, эвакуациялау жоспарына сәйкес адамдарды ғимараттан шығаруды ұйымдастыру.

Оқу-жаттығудың мақсаты бойынша үшінші қабатындағы сауда бутиктерінің бірінде өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сауда үйінің персоналы 100-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірді.

Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына шығу ауданында объект орналасқан бірінші бөлімше келіпбірден зардап шеккендерді құтқаруға кірісті. Өртке қарсы қызмет қызметкерлері 8 адамды құтқарды. Одан кейін оқу-жаттығу орнына өртке қарсы қызметтің басқа бөлімшелері, жедел-құтқару жасағы, жедел жәрдем кареталары, газ және полиция қызметтері келді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығуына 16 бірлік техника жұмылдырылды.

Шартты өртте жұмыс үш бағыт бойынша ұйымдастырылды – адамдарды құтқару, отты сөндіруді ұйымдастыру, аралас орын-жайларды қорғау. Оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізілді.

А. Кадырбеков

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.