18.03.2019, 19:58
Қараулар: 33
«Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебін ұстануы»

«Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебін ұстануы»

Мемлекет басшысы «Қазақстан — 2050» стратегиясында «өте жоғары этика және кәсібилік тиімді мемлекеттік аппаратты құрудың негізгі өлшемі болып табылатындығын» атап өтті.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Себебі, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады.

Мемлекеттік қызметші имиджінің тұтастығы жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің және әдептілік  мінез-құлықтың көруіне негізделген.

Мемлекеттік қызметшілер тек қызмет кезінде ғана емес, қызметтен тыс уақытта да жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларын, мінез-құлықтарының жалпы стандарттарын ұстануға тиіс.

         Жалпы стандарттарға: қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

         Ал, әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтамақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге, әріптестерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға, әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға, әріптестерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

         Дәл осы көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарын сақталуын жүзеге асыруға және өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беруге уәкілетті болып табылатын уәкілетті тұлға – әдеп жөніндегі уәкіл болып табылады.

Барлық мемлекеттік органдарда Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін жүзеге асырады. Ол мемлекеттік органның қызметкерлеріне Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебін ұстануын да қадағалайтын Әдеп жөніндегі уәкілдер. Олар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қарым-қатынасы кезінде, қызметтен тыс кезінде жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларын сақталуын қадағалап отырады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілетіндіктен, әрбір мемлекеттік қызметші жұмыс орнында болсын, қоғамдық орындарда болсын, жалпы кез-келген жағдайда жоғарыда көрсетілген мінез-құлық ережелерін ұстануы тиіс.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар