18.03.2019, 19:54
Қараулар: 433
БҚО ТЖД ҮЕҰ-мен меморандумға қол қойды

БҚО ТЖД ҮЕҰ-мен меморандумға қол қойды

Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу және адам өлімне жол бермеу мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы мен «Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамы» БҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалы және «Батыс Қазақстан азаматтық альянсы «Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі төтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау бойынша алдын алу шаралары туралы меморандумға қол қойды.

Бұл меморандум ынтымақтастықты орнату және бірлескен іс-қимылдарды тиімді үйлестіру, халықтың дайындық деңгейін арттыруға, төтенше жағдайларға ден қоюға, соның ішінде халықты азаматтық қорғау іс-шараларына тарту бойынша ынтымақтастықты, жалпы халық арасындағы алғашқы көмек көрсетуді (өз-өзіне көмектесу / өзара көмек көрсету) меңгеру мәдениетін дамытуға бағытталған салаларда күштер мен құралдарды ұтымды пайдалану мақсатында жасалды.

Меморандумға қатысушылар халыққа бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздікті сақтау ережелерін насихаттауға, тұрғын үй секторында аула аралау, профилактикалық сұхбаттар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, акциялар мен флеш-мобтар өткізуге қатысуға  келісті.

 

БҚО ТЖД ӨҚПБ және ПҚБ бас маманы

Азаматтық қорғау аға лейтенанты

А.Ж. Қадыров

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.