18.03.2019, 19:51
Қараулар: 62
Орал қаласында көктем кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша акция өткізілуде

Орал қаласында көктем кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша акция өткізілуде

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, сонымен қатар құрылымдық және бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері саяжай алқаптарына және бау-бақша серіктестіктеріне су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайларды ескерту бойынша белсенді түрде рейд жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, 2019 жылдың 13 наурызында БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжановтың басшылығымен «Береке», «Венера» және «Речник» саяжай алқаптарының ауданында кезекті рейд өткізілді. Профилактикалық жұмыстар барысында ТЖ қызметкерлері болуы мүмкін су тасқынына байланысты тұрғындарға сақтық шараларын жасау үшін теледидардағы жаңалықтарға құлақ түріп отыруды(қосымша азық-түліктерін, киім-кешектерін, жеке төлқұжаттары мен туу туралы куәліктерін) жинақтапқоюды ескертті.

Саяжай серіктестігінің тұрғындары алдын ала хабарламажәне кенеттен су тасқыны болған жағдайда көмекке келгенге дейін не істеу керектігі туралы және су тасқыны кезіндегі іс-әрекет ережелері жазылған жаднамалармен бірге ақпарат алды. Сонымен қатар қауіп-қатер төнген жағдайда ТЖД қызметкерлерісаяжай серіктестігінің тұрғындарын дереу құлақтандыру және ақпараттандыру бойынша барлық әдіс-тәсілдерді қолданатынын жеткізді.Аталған шараға БҚО ТЖД-дан, жергілікті полиция қызметінен, еріктілерден 80 адам жұмылдырылып, 150 үй араланды. Аталған рейдке БАҚ өкілдері де шақырылды.

Ең жақсы ем –ол алдын алу демекші, ТЖ қызметкерлері су тасқыны кезінде зардап шегуі мүмкін тұрғындарға су басу қаупі бар орындар мен аймақтарды көрсетті.Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары жалғасуда.

 БҚО ТЖД

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.