15.03.2019, 15:49
Қараулар: 167
«Шашу» басталды

«Шашу» басталды

Кеше БҚО ҚХА  «Мейірімді көктем» қайырымдылық акциясы аясында Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген «Шашу» қайырымдылық шарасын  өткізді.

Шашу – қуаныштың айғағы ретінде жасалатын өте әдемі де салтанатты дәстүр. Келін түскенде, үйлену тойында, құда келгенде және т. б. қуанышты күндерде тәтті-дәмділер, күміс теңгелер шашылады. Тойға қатысушылар шашуды «Осындай қуаныш бізге де жұғысты болсын!» деп ырым қылып, теріп алады.

Игі дәстүрді жалғастыру мақсатында басталған қайырымдылық шарасында көп балалы аналарға қолдау көрсетіліп, оларға азық-түлік салынған себеттер мен көктем мерекесіне арналған естелік сыйлықтар табысталды.

Аталмыш іс-шараға БҚО татар мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ф. Милекеева мен «Бирлик» әзірбайжан мәдени-ағартушылық қоғамының төрағасы  Н. Мамедов демеушілік көмек көрсетті.

–  «Шашу» республикалық қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 30 анаға қолдау көрсетпек ниеттеміз. Дәл бүгін біздің ұжым қызметкерлері 15 ананың үйіне барып, кішігірім сыйлықтарымызды табыстадық. Жалғызбасты, пәтер жалдап жүрген көп балалы аналарды қуанту бағытында ұйымдастырудамыз, – дейді әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің басшысы Ботагөз  Сәкенқызы.

Гүлжамал   ЖОЛДЫҒАЛИ,

«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.