7.03.2019, 20:54
Қараулар: 373
Ардақты аналар, аяулы апалар, қымбатты құрбылар мен қарындастар!

Ардақты аналар, аяулы апалар, қымбатты құрбылар мен қарындастар!

Сіздерді жер жаһанды жасартып, жыл сайын келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жасампаз істермен алға қарыштаған егемен еліміздің жан сүйсінткен  жетістіктерінде  Сіздердің  де  үлестеріңіз  ұшан-теңіз.

Әйел – ана! Әйел – еңбеккер! Әйел – елін сүйген патриот! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әйел – әр шаңырақтың шамшырағы, әр отбасының нұр-шуағы, демек, мемлекеттің құтберекесі» деген керемет сөзі бар.  Бүгінде Сіздер белсенді араласпайтын сала, атқармайтын қызмет жоқ. Ер-азаматтарымыздың сенімді серігі, ертеңгі елдің көркі – ұрпақтарымыздың анасы, мейірім мен қайырымдылықтың жанартауы болып, қай қызметте болмасын ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келесіздер. Отанымыздың берекелі шаңырағының отын маздатып, әр күнімізді сән-салтанатқа айналдырып, төңіректеріңізге қуаныш нұрын таратып жүрсіздер. Өздеріңізбен  өміріміз  берекелі де  мерекелі.

Сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге табыс, алдағы күндеріңізге қуаныш-мереке тілеймін. Отбасыларыңызға әлемнің мейірімі мен бақытын сыйлап, аман-есен, шалқыған  шаттықпен  ғұмыр  кеше  беріңіздер!

Игі  тілекпен,  Батыс  Қазақстан  облысының  әкімі

Алтай  КӨЛГІНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.