7.03.2019, 20:49
Қараулар: 468
Алтыншы карьер ашылды

Алтыншы карьер ашылды

Деркөл  айналма жолының бойынан  қар шығаратын орын пайдалануға берілді. Ал бұрыннан бар қар шығаратын бес орынның үшеуі, яғни телеорталық аймағындағы, «Асан» карьері және Желаев тасжолындағы карьер қардан лық толып, жабылды.

«Жайық таза қала» ЖШС директоры Қуат Ерсайыновтың айтуынша, бұған  дейін қыс мезгілдерінде тек екі-үш қана карьер пайдаланылған екен. Қаладағы қар өткен жылдың 19 қарашасынан бастап шығарыла бастаған. Бүгінде  аталмыш кәсіпорын 840 мың текше метр қар тасыған. Тәулігіне 13-14 мың шаршы метр қар шығарылуда. Қала бойынша қар тазалау жұмыстарына тәулігіне 255 техника жұмылдырылып, 317 адам екі ауысыммен жұмыс істеуде.

Жиырмаға жуық арнайы техника күні бүгін қаладан 1200 текше метр су шығарған. Ал қаладағы  92 шақырым арықтың 72 пайызы қардан тазартылған.

– Қалада су басу қаупі бар 35 аймақ қардан тазаланды. Қазір қар шығару жұмыстары қаладағы аудандар бойынша  жүруде. Яғни облыстық аурухана, 2-жұмысшы, курени және ет комбинаты аудандарында, ескі әуежай аймағында жұмыстар жалғасуда. Қар  тазалау жұмыстарына көбінесе, әсіресе, түн мезгілінде  жол  жиегіне қойылған көліктер қиындық тудыруда. Мұндайда жергілікті полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінудеміз, – деді БАҚ  өкілдеріне берген сұхбатында  Қуат  Ерсайынов.

Ясипа  РАБАЕВА,

 «Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.