7.03.2019, 20:08
Қараулар: 74
Жол қауіпсіздігі жіті назарда

Жол қауіпсіздігі жіті назарда

Таяуда  Батыс Қазақстан облысының  әкімдігі, «Шелл  Қазақстан»,  «Аджип  Қарашығанақ б.в.» және «EASST» қауіпсіз  және  тұрақты  көлік үшін  Шығыс  Альянсы  арасындағы  меморандумға қол қойылды. Меморандумның  мақсаты –  өңірдегі  жол қауіпсіздігі  жағда-йын  зерттеу және  жол қауіпсіздігін арттыру  бойынша  бірқатар  бастамаларды  жүзеге  асыру.

Меморандумға облыс әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстандағы «Шелл» концернінің вице-президенті және төрағасы Оливье Лазар, «Эни» компаниясының өңірлік вице-президенті Лука Виньяти және «EASST» қауіпсіз және тұрақты көлік үшін Шығыс Альянсының Орталық Азия бойынша директоры Сергей Дякон қолдарын қойды.

Бағдарлама жол қозғалысына қатысушылардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ инфрақұрылымдық кемшіліктерді бағалау және сараптамалық қолдау көрсету мақсатында құқық қорғау құрылымдары қызметкерлерін, мұғалімдерді, көліктік компаниялардың инженерлерін қоса алғанда, мүдделі тараптардың кең ауқымын оқытуды қамтиды. Жол қауіпсіздігі саласындағы бастамаларды іске асыру кезінде консультациялық қолдауды «EASST» қауіпсіз және тұрақты көлік үшін Шығыс Альянсының сарапшылары қамтамасыз етеді.

– Мен мұндай ынтымақтастықты жоғары бағалаймын. Себебі, бұл ең алдымен, жол қауіпсіздігін арттыру бойынша алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған. Соған байланысты бүгін маңызды меморандумға қол қойылды деп есептеймін, – деді жиын барысында  облыс  әкімі.

«Шелл» мен «Эни» компанияларының өкілдері қауіпсіздік кез келген кәсіпорын мен ұйымның тұрақты қызметінің негізгі факторы деп біледі. Сол себепті барлық мүдделі тараптың күш-жігерін біріктіріп, қауіпсіздікті арттыратын әрекеттерді белсенді түрде алға жетелеп, тиісті үдерістерді енгізіп, ортақ мақсатқа  қол жеткізуге айтарлықтай үлестерін қосуда. Осы мақсатта серіктестер стратегиялық одақтастықты Қазақстан Республикасымен, соның ішінде БҚО әкімдігімен тереңдетуге ниетті.

– 2019 жылдың Жол қауіпсіздігі жылы деп жариялануына байланысты біз БҚО әкімдігінің және «Шелл» мен «Эни» компанияларының бастамаларына толық қолдау көрсетеміз. Меморандумға қол қою азаматтардың өмірін жақсарту және жолдардағы жазатайым оқиғалардың санын азайту бағытында мемлекеттік құрылымдардың және жеке сектордың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Әрбір адамның өмірі – баға  жетпес құндылық. Күш біріктіру арқылы ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз. Бәріміз де жол қозғалысына қатысушы болған соң, бүгінгі бастама өңірдің барлық тұрғынының игілігіне айналады деп үміттенеміз, – деді «EASST» Орталық Азия бойынша директоры Сергей  Дякон.

БҚО   әкімінің   баспасөз   қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар