28.02.2019, 18:57
Қараулар: 315
Ақ Жайық өңірінде тұратын түрлі этнос өкілдерінің Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына ҮНДЕУІ

Ақ Жайық өңірінде тұратын түрлі этнос өкілдерінің Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына ҮНДЕУІ

Біз, Батыс Қазақстан облысында тұратын мемлекеттік тілді білетін және құрметтейтін оның дамуы мен сақталуына үлесімізді қосып жүрген түрлі этнос өкілдері  «Тіл мұра» атты қоғамдық қозғалысты құрып, Орал өңірінің тұрғындарын біздің қатарымызға қосылып, еліміздің мемлекеттік тілін үйренуге және қолдануға өз үлестерін қосуға  шақырамыз.

Тіл үйрену жолы қарапайым және ол отбасында, тұрмыста, балабақшада, мектепте, жұмыста, қоғамда бір-бірімен мемлекеттік тілде сөйлесемін деген үлкен ниеттен басталуы тиіс.

Мемлекеттік тілді меңгеруге тырысу өз Отанына патриоты ретінде жаны ашитын, Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматының, әр қазақстандықтың нормасы мен міндетіне айналуы тиіс деп есептейміз Ең бастысы, бұл үшін  біздің елімізде барлық жағдай жасалғанын атап өту қажет, тек  ниет  керек  әрі  әркім  өзінен  бастауы  тиіс.

Қазіргі жас ұрпаққа құрмет ретінде бір-бірінің тілін, мәдениетін, салты мен дәстүрін үйреніп, өздерін тамыр деп атаған халықтарымыздың арасындағы әрдайым болған достықты ұмытпай, қасиет тұту керек.

Ұлы дала бабаларын еске алу, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы құрметіне, біз облысымыздың барлық тұрғынын, олардың ұлты мен жасына қарамастан мемлекеттік тілді үйренуге және қолдануға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Сондай-ақ  біз кәсіпорын, ұйымдар, бизнес-құрылымдар, этномәдени бірлестіктер өкілдері мен мүшелерін, БҚО  Қазақстан халқы ассамблеясының барлық құрылымдық бөлімшесін, жоғары оқу орындары мен колледждер, қазақ тілі  мен  әдебиеті  пәндерінің мұғалімдерін, БҚО азаматтық секторын, жастар қоғамдық бірлестіктерін және облысымыздың қарапайым тұрғындарын белсенділік танытып, осы іске атсалысуға шақырамыз.

ҮНДЕУ

Батыс Қазақстан облысы әкімі, БҚО  Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің бастамасын қолдай отырып, біз, ассамблея мүшелері, осы жылдың 25 ақпанынан 25 наурызына дейін кешенді іс-шаралар мен игі бастамалардың бастауы бола-тын және жыл бойы жалғасатын «Мейірімді көктем»  акциясын  жариялаймыз.

Бұл акция, ең алдымен, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға, ел азаматтарын адал ниетпен, ақысыз қайырлы іс қылуға, қайырымды іс жасауға жұмылдыруға бағытталған. Қарақан бастың қамын емес, қара орман халықтың қажетін ашатын амалдар қажет.

Акцияның басты мақсаты – құрметке, қолдауға мұқтаж жандарға қамқорлық пен мейірімділік таныту.

Бабамыздан бойымызға сіңген асыл  қасиеттердің бірі – жомарттық, кең пейілділік. Ендеше,  қолда барымызбен зәру адамдармен шын жү-ректен бөлісейік.

Жер жүзі бусанып, бар тіршілік бастау алатын, жылдың да, жылылықтың да басталар кезі – көктемнің алғашқы айын «Мейірімді көктем» ак-циясымен  қарсы  алуымыздың  маңызы  зор.

Біз, Қазақстан халқы ассамблеясы, ірі кәсіпорындардың, шағын және орта бизнестің, этномәдени бірлестіктердің, азаматтық қоғамның, жастар қауымдастығының басшыларын және қиын жағдайда қалған жандарға көмек қолын созғысы келетін азаматтардың барлығын осы бастаманы қолдауға, «Мейірімді көктем» акциясына белсенді  түрде  қатысуға  шақырамыз.

Акция аясында облыстық ассамблея базасында барлық мұқтаж жанға, әсіресе, көп балалы отбасылар мен мүгедектерге қолдау көрсетуге бағытталған сан алуан жоспарлы іс-шаралар сіз бен біздің қолдауымызбен жүзеге асырылатын  болады.

Ұлыстың Ұлы күнін мейірім мен қайырымның шуағына бөлейтін игілікті істермен қарсы алайық, ағайын! Жақсылықтың жаршысы болып, қайырлы іс  қылудан  шаршамайық!

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.