28.02.2019, 11:32
Қараулар: 45
«Ашық   есікке»   шақырады

«Ашық   есікке»   шақырады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның БҚО бойынша департаменті «Ашық есік күніне» келушілердің талап-тілегіне құлақ түруге ықыласты. Осы шара барысында ел-жұртқа уәкілетті құрылым (орган) қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттар ұсынылып, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Мемлекеттен көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарға түсінік беріліп, сондай-ақ азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіледі. Бұл іс-шараның мақсаты –  департаменттер мен халық арасындағы сенімді және серіктестік қатынасты нығайту, сондай-ақ бұқаралық санада сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.

«Ашық есік күні» биылғы 28 ақпанда сағат 10.00-17.00 аралығында  Орал қаласының Достық-Дружба даңғылының бойындағы №201 ғимараттың 2-ші қабатында өтеді.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар