26.02.2019, 12:39
Қараулар: 51
Скрипка сазы көмкерген кеш

Скрипка сазы көмкерген кеш

Жуырда жергілікті композитор Алексей Котельниковтің «Воспоминание» атты шығармашылық  кеші өтті.

Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерт залына жиналған қауымға скрипканың сырлы әуені әдемі әсер сыйлады. Надежда Нұрпейісова жетекшілік ететін Орал қалалық скрипкашылар ансамблі композитордың бірнеше шығармасын орындаса, кеш иесінің сырлас досы, ақын Ирина Уральская өз өлеңдерін тарту етті. Шараны ұйымдастыруға бастама көтерген А. Котельниковтің досы Никита Редько алғаш рет өткізілген шығармашылық кештің әлі де жалғасын табатындығын айтты.

Аяужан  КЕРЕЕВА,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар