Сырымдық оқушы Рафхат Қайыржанов ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мен БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы қазақ-шешен «Достық» клубы ұйымдастырған оқушылар арасындағы Құранды жатқа оқу жарысында І орынға ие болған еді.
Құран сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстың орталық мешітінде жақында жұма намазының алдында марапатталды. Сырымдық Рафхат Қайыржановқа БҚО өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов Ұмраға, яғни Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдине қалаларына кіші қажылық сапарын жасауға жолдама берді. Жолдаманы ҚМДБ-ның Батыс Қазақстандағы өкілдігі мен «Assalam» компаниясы ұсынған.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы