18.02.2019, 21:17
Қараулар: 607
Жаңа тағайындаулар

Жаңа тағайындаулар

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына Ринат Шәуенов тағайындалды.

Ринат Сатымұлының білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін менеджер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Тасқала ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Бөрлі ауданының тұрғын үйкоммуналдық шаруашы лық, жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. 2016 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

* * *

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы лауазымына Мұрат Өмірәлиев тағайындалды.

Мұрат Аманкелдіұлының білімі жоғары. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих, заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Әр жылдары Шыңғырлау ауданы ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Орал қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, меңгерушісі. Орал қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің меңгерушісі, Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы – қала әкімі аппараты басшысының орынбасары болып  жұмыс  істеді.

2015 жылдың шілдесінен бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысы әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін  атқарды.

Батыс  Қазақстан  облысы әкімдігінің  баспасөз  қызметі

 

 

* * *

Қазақстан   Республикасы Бас прокурорының таяудағы  бұйрығымен  Батыс Қазақстан  облысы  прокурорының орынбасары  лауазымына Амантай Рашқалиев тағайындалды.

Амантай   Елтайұлы  Рашқалиев 1964 жылы  дүниеге  келген.  Білімі  жоғары, Е. Бөкетов  атындағы   Қарағанды  мемлекеттік  университетін  бітірген.   Еңбек жолын  1993  жылы  Қарағанды  облысы  Теміртау  қаласы  прокуратурасының  тергеушісі  қызметінен  бастаған.

Батыс  Қазақстан облысының  құқық  қорғау  құрылымдарында  бірқатар  басшы  лауазымдарда  қызмет  атқарған,  оның  ішінде  Жаңақала, Теректі, Зеленов (Бәйтерек) аудандарының,  Орал  қаласының  прокуроры  болған.

Аға  әділет  кеңесшісі сыныптық  шені  бар.  Ведомстволық медальдармен  марапатталған. Отбасылы,  үш  бала  тәрбиелеуде.

Батыс  Қазақстан  облысы  прокуратурасының  баспасөз қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.