18.02.2019, 21:05
Қараулар: 500
Суретімен сыр шерткен

Суретімен сыр шерткен

Таяуда облыстық тарихи-өлкетану музейінде танымал суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ренат Елубаевпен «Өнерім – өмірім» атты кездесу кеші өтті.

– Қазақ даласында қолөнер дамығанымен, сурет cалу кенжелеп қалды. Қазақ арасында ең алғаш болып Әбілхан Қастеев атамыз сурет өнерін танытқан еді. Мен сурет әлемі арқылы қазақ ұлтының мықтылығын паш еткім келеді. Көзімді байлап сурет сала алатынымды сан мәрте дәлелдедім.

Оны өзімнің ерекше стилім деп есептеймін. Бұлай өнер көрсету оңай емес, халық алдында сынға түскенде жүректе толқу мен қорқыныш басым болады, – деді қылқалам шебері.

Кездесу барысында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры Қуандық Мәдір Ренаттың шығармашылығымен етене таныс екенін айтып, болашағына табыс тіледі.

Айта кетсек, Ренат Елубаев 1982 жылы Арқалық қаласында дүниеге келді. Көркемсурет мектебін үздік бітіріп, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Еңбек жолын елордада дизайнерлік қызметтен бастап, кейін Астана қалалық мәдениет басқармасында қызмет атқарады. 2011 жылдан бастап жеке шығармашылығымен айналысады. 2005 жылы «Шабыт» халықаралық жастар фес-тивалінің лауреаты, 2015 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен «New York Realism» line art» халықаралық көрмесінде алтын медаль иегері атанды. Белоруссияда өткен «Куршинале – 2015» халықаралық өнер олимпиадасында «Сурет өнері» аталымы бойынша бас жүлдеге қол жеткізді. Астана қаласында, еліміздің басқа қалаларында және Белоруссия мемлекетінде жеке көрмесін өткізді. Ресейде өткен «Удивительные люди» телешоуының финалдық кезеңіне қатысушы.

Әли  МУСИН,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың  4-курс  студенті

Қымбат  ШАНДИЕВА,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың мәдениет және өнер факультетінің 4-курс студенті:

– Әлемге танылған Ренат Елубаевпен кездесуді көптен күткен едім. Академиялық реализм, импрессионизм бағытында салынған суреттерін ұнатамын. Ә. Қастеевтің өнер жолын қуған студент  ретінде алған әсерім мол болды. Осындай талантты, тәжірибелі суретшілермен жүздесу көп болса екен.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.