14.02.2019, 20:19
Қараулар: 354
Әкемнің ағайын-туысын іздеймін

Әкемнің ағайын-туысын іздеймін

Менің әкем Мұхамедқали Райысұлы Жаманқұлов Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Құсбин (мүмкін басқаша) ауылдық кеңесінде (құжат бойынша 1911 жылы, ал өзінің айтуынша, қой жылы, яғни онда 1906 не 1907 жыл болады) дүниеге келген.

Соғысқа қатысып, аяғынан жараланып келді. Әкем өзі көзі тірі кезінде қай майданда соғысқанын айтқан шығар, бірақ біздің жадымызда қалмапты. Соғыстан соң Шымкент облысы, Шаян өңірінде, яғни Кентау қаласы маңында, «Бөген» кеңшары Шаян елді мекенінде тұрды. 1965 жылы Шаянда қайтыс болып, сонда жерленді.

Өзінің айтуы бойынша елде (Батыс Қазақстанда) соғысқа кеткенше інісі және қарындасы болған. Енді қазір олардың баласы әрі немерелері болу керек. Егер де әкеміздің аты-жөніне сәйкес келетін туыс табылып жатса, бізге хабарласуын сұраймыз.

Әкеміздің руы – Байбақтының Қынық тармағы.

Мекенжайымыз: Түркістан облысы, Шаян ауылы.

Жұмабай  ЖАМАНҚҰЛОВ,

Түркістан  облысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.