14.02.2019, 15:34
Қараулар: 4
Сақтанған сан соғып қалмайды

Сақтанған сан соғып қалмайды

Облыс бойынша өрттің алдын алу, сақтандыру мақсатында айлыққа байланысты Жайықтың сол жағалауындағы 7 ауылдық округте № 30 өртпен күрес  бөлімінің жеке құрамы ауқымды істер жүргізуде. Қарауылтөбе ауылындағы Тайпақ орта мектебінде мұғалімдерге, оқушыларға оттан сақтанудың ережелерін кеңінен әңгімеленіп, жадынама таратылды. Әсіресе төменгі сыныптағы  ұл-қыздарға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ техниканы тарту арқылы аталған ауылда тұрғындармен өрт сөндіру тактикалық сабағы өткізілді. Айталық, ғимаратта өрт орын алған жағдайда сабыр сақтау, сыртқа шығу жолдарын білу, бір-біріне көмектесу, материалдық құндылықтарды көшіру іс-қимылдары көрсетілді.

Сондай-ақ бөлім қызметкерлері ауылдық округтерде бүгінге 123 үйді аралап, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.  Тоқтың тұйықталуынан, қыс мезгілінде газ қондырғылары және жылу пештері ақаулығынан келер қауіп қаперге салынды.

Ақан НҰРҒАЛИЕВ,

өртпен күрес бөлімі бастығы міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау лейтенанты

Ақжайық ауданы