30.01.2019, 15:47
Қараулар: 2
Қыс кезінде қиналмайды

Қыс кезінде қиналмайды

Қазіргі  күнде  қыс  қиындығын көріп  отырған ауданымызда  Махамбет Бермағанбетов  ағамыздың қолдан құрастырған  «тягачы»  мен  Өтепберген Бекжановтың  «вездеходы»  түрлі  шаруаларға  пайдаланылып  жатқаны туралы  жаңалыққа тек  біздің облыс емес,  кең байтақ  еліміздің өзге  өңірлерінің  тұрғындары да қызығушылық  танытуда.

Енді соның жалғасындай ауданымыздың тағы бір шалғайында төрт түлік мал өсірумен дендеп айналысатын бостандықтық Нұрлан Нұғмановтың да он саусағынан өнер тамған шебер екенін жеткізуді мақсат еттік.

Жалпы, Нұрлан туралы бұрыннан газет бетінде жарияланып жүр. Жиырма жасында иесіз қалған ен даладағы қыстауға 10 қоймен барып, бүгінде Қамыс-тыкөл қыстауын мыңғырған мал-ға, дала төсін жылқының дүбірі-не толтырған ірі шаруа қожалық иесіне айналды. Бостандық ауылынан 40 шақырым жерде мал өсіріп жатқан Нұрлан техниканы шебер меңгерген. Мына суреттен көріп отырғандарыңыздай, «УАЗ» аутокөлігіне 12 тонналық тірке-менің дөңгелектерін қондырып, ат бауырынан келетін қалың қар-да тоқтамайтын көлік құрастырды. Нәтижесінде Нұрлан ауылмен байланыс жасауға да, басқа шаруаны атқаруға да еш қиналмауда.

– Қыс мезгілінің қиындығы жетерлік. Ал шалғайда тұратын «Екпін» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Нұғмановтың жағ-дайына алаңдаушылық жоқ. Себебі қолдан құрастырылған техникасымен өзінің барлық шаруасын шешуімен қатар, сол бағыттағы Бекіш, Қурайлы, Ибатшеген қыстақтарында тұратын шаруа қожа-лықтарына да қолұшын беруде. Осындай азаматтармен қыстың қиындығын жеңетінімізге сеніміміз мол, — дейді Бостандық ауылдық округінің әкімі Манарбек Сүндетов.

Серік  ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Қазталов  ауданы

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.