28.01.2019, 19:22
Қараулар: 4
Өтеудің “вездеходы” қалың қарды елемейді

Өтеудің “вездеходы” қалың қарды елемейді

Қазталов өңірінде  қыс қаҺарына мініп, қар қалың  түссе, Махамбет ағамыздың «Тягачын» және Әжібай ауылындағы Өтеу  құрдасымыздың «Вездеходын» іздейміз.

Шаруаларына мығым бұл азаматтардың осы көліктері қыс мезгілінде әр кез бабында тұрады. Дала төсін жылқы тұяғымен дүбірлеткен «Миялы» шаруа қожалығының жетекшісі Өтепберген (Өтеу) Бекжанов аттың бауырынан келетін қалың қарды елең қылып жатқан жоқ. Тебінде жүрген үйірлерін осы техникамен бақылайды. Қала берді Өтақаң ауылдағы өзі сияқты шаруаларға да қолғабыс жасап жүр. Міне, осындай азаматтары бар ауыл қыстан қысылмасы белгілі.

Серік   ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Қазталов    ауданы